bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан ынтымақтастық...

Қазақстан ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы AIM Congress 2025 аясында үш маңызды келісімге қол қойды

img

2025 жылғы 7–9 сәуір аралығында Абу-Даби қаласында (БАӘ) AIM Congress 2025 жыл сайынғы инвестициялық форумы өтті. Бұл форум жаһандық инвестициялардың болашағы мен жаңа экономикалық үрдістерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы іс-шараның ресми серіктесі ретінде қатысып, еліміздің халықаралық инвестициялық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді араласатынын көрсетті.

Конгрестің биылғы тақырыбы – тұрақты әрі теңгерімді жаһандық инвестициялық архитектураны қалыптастыру, жылдам өзгеріп жатқан әлемде өсуге арналған жаңа мүмкіндіктерді іздеу және мемлекеттердің, өңірлердің, бизнестің әлеуетін ашу. AIM Congress дәстүрлі түрде үкімет өкілдерін, жекеменшік секторды, венчурлік қорлар мен стартаптарды, сондай-ақ қаржы сарапшыларын бір алаңда біріктіреді. Форум аясында панельдік сессиялар, көрмелер, бизнес-жәрмеңкелер, инвестициялық пікірталастар мен В2В-кездесулер өтті.

Қазақстан делегациясы үшін басты оқиғалардың бірі үш меморандумға қол қою болды. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі Ғани Аманбаев форум аясында Тула облысының сауда-өнеркәсіп палатасымен, Рязань облысының сауда-өнеркәсіп палатасымен және «Армян кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Аталған келісімдер сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық байланысты дамытуға, кәсіпкерлер мен компаниялардың іскерлік серіктестікті кеңейтуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Ғани Аманбаевтың айтуынша, тараптар сыртқы экономикалық және өндірістік ынтымақтастықты тереңдетуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға ниетті.

Сонымен қатар, форум аясында Қазақстан Республикасының ұлттық стенді ұйымдастырылды. Онда KazFerroGroup және ферроқорытпа өндірісі саласындағы өзге де өнеркәсіптік кәсіпорындар өз әзірлемелерін таныстырды. Қатысушылар мен қонақтар қазақстандық өнеркәсіптің әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының AIM Congress 2025 аясында келісімдерге қол қоюы халықаралық байланыстарды нығайту мен Қазақстан экономикасына жаңа инвесторларды тартудағы маңызды қадам болды. Палата өз жұмысында серіктестік қатынастарды жүйелі түрде дамытып, жаңа нарықтарды ашуға және отандық бизнестің тұрақты өсуіне жағдай жасауға баса назар аударып келеді.

view 146
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.