bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Пәкістан...

Қазақстан мен Пәкістан іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда: Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен TCS логистикалық компаниясы арасында кездесу өтті

img

Бүгін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасы Мұрат Каримсаков Пәкістанның TCS логистикалық компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Пәкістан тарапынан кездесуге TCS компаниясының Төрағасы Халид Н. Аван және бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы директор Ахмед Зафар қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара инвестицияларды дамыту перспективаларын талқылады. Пәкістан тарапы Қазақстанда бизнес ашуға қызығушылық танытып, оның ішінде медицина, тамақ өнеркәсібі және тоқыма салаларында айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. TCS өкілдері Қазақстанның пәкістандық компанияларды орналастыру үшін қолайлы мүмкіндікке ие екенін, бұл өз кезегінде Пәкістан кәсіпорындарына Еуразиялық нарыққа шығуға жол ашатынын жеткізді.

Кездесу барысында тараптар жақын уақытта Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен TCS компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюға ынталы екендерін растады. Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Президентінің Пәкістанға ағымдағы жылдың желтоқсан айында жоспарланған ресми сапары аясында өтеді деп жоспарлануда.

 

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы пәкістандық тараппен ынтымақтастықты кеңейтуге, өзара әрекеттестікті нығайтуға және екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

view 116
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.