bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Астана Қазақстан мен Қытай...

Астана Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа іскерлік көпірлердің алаңына айналды

img

2025 жылғы 8 сәуірде Қазақстан астанасында Қытай Халық Республикасының Дунгуань қаласынан келген кәсіпкерлер делегациясының қатысуымен екіжақты іскерлік кездесулер өтті. Іс-шараны Дунгуань қаласының халық үкіметі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

 

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов, Дунгуань үкіметі бас хатшысының орынбасары Фэн Бинь, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Аталған шара 2024 жылы қазақстандық делегацияның Дунгуань қаласына жасаған жұмыс сапары аясында басталған белсенді өзара іс-қимылдың жалғасы болды. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов атап өткендей, бұл сапар нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен тұрақты серіктестік орнатуға елеулі әлеует бар екені айқын болды.

«Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастамасы аясында стратегиялық маңызы зор ел болып табылады. Біз шетелдік инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдайларды — ашық, болжамды және мемлекеттік қолдауға ие жағдайларды — қамтамасыз етуге ұмтыламыз», — деді Райымбек Баталов.

Қытай тарапынан құттықтау сөзін Дунгуань қаласының халық үкіметі бас хатшысының орынбасары мырза Фэн Бинь сөйледі. Оның айтуынша, бұл бизнес-кездесудің басты мақсаты — екі ел компаниялары арасында тікелей және тығыз қарым-қатынас орнатуға арналған платформа құру. «Біз тек тауар жеткізілімімен шектелмей, технологиялық ынтымақтастық, бірлескен өндіріс пен нарықтағы кооперация сияқты бағыттарды да талқылауға шақырамыз — яғни тұрақты әрі өзара тиімді серіктестікке ықпал ететін барлық бағыттарды», — деді ол.

Фэн Бинь сондай-ақ ұзақмерзімді көзқарастың маңыздылығына тоқталды: «Бүгінгі кездесу — жай ғана сапар алмасу емес, жаңа іскерлік қатынастардың бастауы, біз оларды тұрақты жобалар мен серіктестікке айналдырамыз деп үміттенеміз».

Іс-шара аясында B2B форматындағы келіссөздер, компаниялар презентациялары және ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарын талқылау өтті. Тараптар сауда, инвестиция, технология трансфері, инновациялар, жасыл экономика және цифрландыру салаларындағы бірлескен жобалар перспективасын қарастырды. Индустриялық парктер құру, өндірісті жергіліктендіру және логистикалық маршруттарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мысалы, архитектуралық керамика өндірісі мен дистрибуциясында жетекші қытайлық компаниялардың бірі — Marco Polo Holdings Co., Ltd. — Қазақстандағы керамика нарығын, инвестициялық ахуалды және зауыт салу мүмкіндігін зерттеуге қызығушылық танытты.

Іс-шара 2025 жылғы маусымға жоспарланған «Қытай + Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы мен Қазақстан-Қытай халықаралық бизнес-форумына дайындық жолындағы маңызды кезең болды. Баталовтың айтуынша, бұл шаралар елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту мен іскерлік әріптестікті нығайтудың тиімді тетігіне айналады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екенін растап, қытайлық бизнес өкілдерін алдағы форумдар мен бизнес-миссияларға белсенді қатысуға шақырды.

 

view 146
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.