Сабр Есимбеков Қазақстан-Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің тең төрағасы болып тағайындалды
2026 жылғы 25 ақпанда Сабр Есімбеков Қазақстан тарапынан Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің тең төрағасы болып тағайындалды.
Айта кету керек, Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитет Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға және нығайтуға бағытталған маңызды екіжақты алаң болып табылады. Комитет жұмысы аясында сауда ынтымақтастығын кеңейту, инвестициялар тарту, бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, инновациялар және өзге де перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылады.
Сабр Есімбековтің Комитеттің тең төрағасы болып тағайындалуы екі ел арасындағы іскерлік диалогты жандандыруға, жаңа бастамаларды ілгерілетуге және Қазақстан мен Жапонияның бизнес-қоғамдастықтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етуге бағытталған.
Аталған тағайындау туралы Жапониядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігі де хабардар етілді.