bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Хайкоудағы VI CICPE:...

Хайкоудағы VI CICPE: Қазақстан Қытай нарығындағы позициясын нығайтуда

img
2026 жылғы 13–18 сәуір аралығында Қытайдың Хайнань провинциясының Хайкоу қаласында VI Қытай халықаралық тұтыну тауарлары көрмесі (China International Consumer Products Expo, CICPE) өтуде.

VI CICPE — Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі мен Хайнань провинциясы Халық үкіметі бірлесіп ұйымдастыратын ұлттық деңгейдегі көрме. Бұл шара Қытайдағы толықтай тұтыну тауарларына арналған жалғыз мемлекеттік деңгейдегі көрме болып табылады және жоғары сапалы өнімдерді таныстыру мен ілгерілетуге арналған маңызды халықаралық алаң ретінде танылған.

Көрме экспозициясы сән және lifestyle индустриясын, электрониканы, денсаулық сақтау саласын, азық-түлік пен сусындарды, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен премиум сегменттегі тауарларды қамтитын кең ауқымды салаларды біріктіреді. Көрмеге әлемнің түрлі елдері мен өңірлерінен жетекші компаниялар мен брендтер қатысуда.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы аталған іс-шараға отандық компаниялардың қатысуын қамтамасыз етіп, қазақстандық экспорттаушылар делегациясын жасақтап, Қазақстан Республикасының ұлттық стендін ұйымдастырды.

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында ҚССП ұлттық экспозиция аясында отандық өнімдерді өтеусіз орналастыруды қамтамасыз етіп, сондай-ақ көрмеге қатысуды кешенді сүйемелдеуді жүзеге асырды. Атап айтқанда, көрме инфрақұрылымын ұйымдастыру, логистикалық үдерістерді үйлестіру, сондай-ақ әлеуетті шетелдік серіктестермен іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізуге жәрдем көрсетілді.

VI CICPE көрмесіне қатысу қазақстандық өнімдерді Қытай нарығына ілгерілетуге, отандық бизнестің экспорттық әлеуетін кеңейтуге және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында жаңа өнімдердің тұсаукесерлері, салалық форумдар және халықаралық кооперацияны дамытуға әрі тікелей іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған B2B кездесулер өткізілуде.

VI Қытай халықаралық тұтыну тауарлары көрмесі тұтыну тауарлары саласындағы ең маңызды халықаралық алаңдардың бірі ретінде әділ бағалануда.

 
 
view 38
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.