Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі Алматыда өтеді
2026 жылғы 2–4 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі өтеді. Бұл – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі. Көрмені Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігінің Сыртқы сауданы дамыту бюросы Қытайдың салалық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырады.
Биылғы көрмеге Қытайдың 14 провинциясы мен өңірінен 400-ден астам жетекші қытайлық компания қатысып, өнімдердің, технологиялардың және заманауи шешімдердің кең ауқымын ұсынады. Көрме экспозициясы үш негізгі тақырыптық бөлімнен тұрады:
- Премиум санатындағы тұтыну тауарлары және заманауи өмір салты – үйге арналған тауарлар, тұрмыстық техника, тұрмыстық электроника, белсенді демалысқа арналған өнімдер, үй жануарларына арналған тауарлар, сыйлық және креативті өнімдер;
- Заманауи ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі – агроөнеркәсіп кешеніне арналған зияткерлік технологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы, тұқым шаруашылығы, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері, сусындар;
- Өнеркәсіптік өндіріс және жабдықтар – өндірістік жабдықтар, жаңа материалдар, жоғары технологиялық өнімдер, экологиялық технологиялар, жаңа энергетика, тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар, қауіпсіздік жүйелері және басқа да заманауи өнеркәсіптік шешімдер.
Көрме жұмысына Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігінің өкілдері, Қытай өңірлерінің басшылары, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Қазақстан Республикасының бейінді министрліктері мен ведомстволарының басшылары, сондай-ақ екі елдің іскерлік қауымдастығының өкілдері қатысады.
Іс-шара бағдарламасы аясында тақырыптық форумдар, B2B-келіссөздер, іскерлік кездесулер және компаниялардың таныстырылымдары өткізіледі.
Өтетін күні:
2026 жылғы 2–4 шілде
Өтетін орны:
«Атакент» халықаралық көрме орталығы, №10 және №11 павильондар
Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42.
Қазақстандық бизнес өкілдерін көрмеге қатысуға, Қытайдың заманауи технологиялары мен өнімдерімен танысуға, өндірушілер және жеткізушілермен тікелей келіссөздер жүргізуге, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылауға шақырамыз.
Билеттер туралы толық ақпарат ұйымдастырушының сайтында қолжетімді: https://www.ccfk.kz/
PDF файлын жүктеп алу
2026 жылғы 2 шілдеде Алматы қаласында Қытай мен Қазақстан арасындағы күнделікті өмірге арналған...
2026 жылғы 2–4 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында...