bg
bg
Басты бет Жаңалықтар Қазақстан-Жапония...

Қазақстан-Жапония экономикалық ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысы Астанада өтеді

img

Қазақстан-Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысына қатысуға шақыру

Күні: 2026 жылғы 2 желтоқсан

Өтетін орны: Hilton Astana қонақүйі, «Ballroom» залы, Гейдар Әлиев көшесі, 14, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы

Байланыс тұлғалары:

Диляфруз Кадирханова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері, +7 747 846 2066

Айжан Кошенова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері, +7 705 808 0826

2026 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан-Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің 18-ші отырысы өтеді. Іс-шара екіжақты іскерлік байланыстарды нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған.

Іс-шара аясында келесі бағыттар бойынша төрт панельдік сессия өткізу көзделген:

  • №1 панельдік сессия: Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері.

  • №2 панельдік сессия: Жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыру және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын дамыту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері.

  • №3 панельдік сессия: Көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету және жасыл трансформацияны (GX) ілгерілету саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері.

  • №4 панельдік сессия: Бірлескен жобаларды ұйымдастыру және оларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Жапониямен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі қазақстандық бизнес өкілдерін отырысқа қатысуға және екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын талқылауға шақырады.

Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелуіңізді сұраймыз:

https://forms.gle/omw2UeDYTxao4vBZ7

view 75
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.