Басты бет Іс-шаралар Қарағандыда алғаш рет Лизинг күні – Leasing Day 2025...

Қарағандыда алғаш рет Лизинг күні – Leasing Day 2025 өтеді

event

2025 жылғы 16 қазанда Қарағанды қаласында Қазақстанда алғаш рет Лизинг күні (Leasing Day 2025) өтеді. Іс-шараның мақсаты – лизингті бизнесті қолдау мен дамытудағы маңызды құрал ретінде кеңінен талқылау.


Бұл күн тәжірибе алмасу, лизинг мүмкіндіктерін қарастыру және үздік тәжірибелерді көрсету үшін бірегей алаң болмақ. Бағдарламада – панельдік пікірталастар, мемлекеттік бағдарламалар мен субсидиялау бойынша кеңестер, практикалық кейстер және кәсіпкерлер мен сарапшылар арасындағы іскерлік нетворкинг бар.

Іс-шара аясында көрме аймағы ұйымдастырылып, онда техника, автокөліктер, ауыл шаруашылығы және жол-құрылыс жабдықтары ұсынылады. Қатысушылар отандық өндірістің үлгілерімен танысып, тест-драйвқа қатыса алады.

Шараға мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар, кәсіпкерлер, салық органдарының өкілдері, әкімшілік полиция және автокөлік жүргізушілеріне арналған қызмет көрсету орталығының мамандары қатысады деп күтілуде.

Leasing Day 2025 іс-шарасы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында көзделген міндеттерге сәйкес өткізіледі. Бұл құжатта лизингтік операцияларды дамыту баламалы қаржы құралдарының маңызды бағыты ретінде айқындалған.

📅 Күні: 2025 жылғы 16 қазан
📍 Өтетін орны: Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы, Республика даңғылы, 11/3, Қарағанды қаласы

Іс-шараның күні 16 қазан 2025
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс

PDF файлын жүктеп алу

icon
Іс-шараның күні 28 февраля 2025
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.