Басты бет Іс-шаралар «ҚХР, Дэян қаласы – Қазақстан: сауда-экономикалық...

«ҚХР, Дэян қаласы – Қазақстан: сауда-экономикалық байланыстарды дамыту» атты сауда-экономикалық форумы

event

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Сіздерді «ҚХР, Дэян қаласы – Қазақстан: сауда-экономикалық байланыстарды дамыту» атты сауда-экономикалық форумға қатысуға шақырады:

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Сіздерді «ҚХР, Дэян қаласы – Қазақстан: сауда-экономикалық байланыстарды дамыту» атты сауда-экономикалық форумға қатысуға шақырады:

📅 Күні: 2025 жылғы 21 тамыз
🕒 Уақыты: 13:45–16:00
📍 Өтетін орны: Алматы қ., Қазақстан, Қ.Сәтбаев к-сі 29/6, «Rahat Palace hotel» қонақ үйі

🔹 Іс-шара туралы

Форум Қытай Халық Республикасының Дэян қаласы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту аясында өтеді. Қатысушылар Дэян қаласының өнеркәсіптік әлеуетімен танысып, қытайлық компаниялармен тікелей байланыс орнатып, ынтымақтастықтың болашағын талқылап және серіктестік келісімдерге қол қоя алады.

Дэян қаласы – Сычуань провинциясының (ҚХР) танымал өнеркәсіптік және машина жасау орталығы. Мұнда энергетикаға арналған жабдықтардың, ауыр техника мен ауыл шаруашылығы техникасының елеулі үлесі өндіріледі. Қалада China National Erzhong және Dongfang Electric секілді ірі зауыттар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының инновациялық өндірушілері орналасқан, олардың өнімдері экспортқа белсенді бағытталған.

Географиялық логистикасы, заманауи технологияларға қолжетімділігі және дамыған өндірістік базасы Дэянды агросекторда, ауылшаруашылық техникасы мен автокөлік қосалқы бөлшектерін саудалайтын кәсіпкерлер үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес етеді.

Бұл қазақстандық бизнес үшін жаңа нарықтарға шығуға, сенімді серіктестер табуға және сыртқы экономикалық қызметтегі өзекті трендтермен танысуға тамаша мүмкіндік.

Әсіресе қызықты болады мына салалардағы кәсіпкерлер үшін:

  1. ауыл шаруашылығы техникасы мен аграрлық тауарлар;
  2. автокөлік қосалқы бөлшектері мен олардың жиынтықтары;
  3. іргелес салалардағы сауда-экономикалық ынтымақтастық.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

📌 Тіркелу сілтемесі:
 https://forms.gle/xEk8X44D1EpbwLS49

📞 Байланыс үшін:
 Арлан, ‪+7 777 689 66 66

Іс-шараның күні 21 тамыз 2025
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс

PDF файлын жүктеп алу

icon
Іс-шараның күні 28 февраля 2025
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.