Басты бет Іс-шаралар Қазақстан–Ауғанстан медициналық...

Қазақстан–Ауғанстан медициналық бизнес-форумы

event

2026 жылғы 30 қазанда Алматыда Қазақстан мен Ауғанстанның денсаулық сақтау министрліктері, мемлекеттік компаниялары және екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан–Ауғанстан медициналық бизнес-форумы мен B2B-кездесулер өтеді.

Қазақстанға Ауғанстанның Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің, «Ибн Сина» мемлекеттік фармацевтикалық компаниясының өкілдері, сондай-ақ 40-қа жуық ауған компаниясынан құралған делегация келеді. Олардың қатарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар және түпкілікті тұтынушылар бар.

Іс-шара мынадай компаниялар үшін ерекше қызығушылық тудырады:
🔹 дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар өндіретін;
🔹 фармацевтикалық өнімдерді көтерме сатумен және дистрибуциялаумен айналысатын;
🔹 Ауғанстан нарығына шығуға мүдделі;
🔹 ауған серіктестерін, импорттаушыларын және дистрибьюторларын іздейтін;
🔹 Ауғанстанға фармацевтикалық және медициналық өнімдерді экспорттау мүмкіндігін қарастыратын.

📅 Күні: 2026 жылғы 30 қазан
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы (нақтылануда)
🤝 Форматы:
Бизнес-форум және ауған компанияларымен жеке B2B-кездесулер

Қатысушылар әлеуетті серіктестермен тікелей келіссөздер жүргізіп, экспорт, дистрибуция және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылай алады.

📌 Қатысу үшін тіркелу қажет:
https://forms.gle/MnKQAHsyhJARSK7V7

Іс-шараның күні 30 қазан 2026
Қатысуға өтінім
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
Қатысуға өтінім
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс

PDF файлын жүктеп алу

icon
Іс-шараның күні 28 февраля 2025
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.