


138-Кантон жәрмеңкесіне қатысу мүмкіндіктері туралы ақпараттық семинар

Қазақстан Республикасының басым сыртқы экономикалық саясаты аясында және Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2025 жылғы 29 шілдеде Алматы қаласында Қытайдың ең ірі халықаралық сауда көрмесі – 138-Кантон жәрмеңкесіне қатысуға арналған ақпараттық семинар өтеді. Аталған жәрмеңке жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған өндірушілер мен жүздеген мың сатып алушыларды біріктіреді.
Іс-шара сағат 14:15-тен 16:30-ға дейін InterContinental қонақ үйінің Ballroom залында (Желтоксан көшесі, 181) өтеді. Ұйымдастырушылар – ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қытайдың сыртқы сауда орталығы. Семинар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен өткізіледі.
Семинардың мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлерге Кантон жәрмеңкесіне қатысу мүмкіндіктерін таныстыру: делдалсыз жеткізушілерді табу, Қытай нарығына шығу, халықаралық сауданың негізгі үрдістері мен басым салаларымен танысу, сондай-ақ ұйымдастырушылармен және қытайлық және халықаралық бизнес-қауымдастық өкілдерімен тікелей байланыс орнату.
Іс-шара барысында қатысушылар 2025 жылдың күзіне жоспарланған 138-Кантон жәрмеңкесінің форматы мен артықшылықтары туралы практикалық ұсыныстар мен ақпарат алады.
Тіркелген қатысушылар арасында жүлделер ойнатылады: Гуанчжоуға барып-қайту әуе билеттері, қаладағы көрнекті орындарға шексіз кіру карталары, сондай-ақ жәрмеңке барысында жеке аудармашы қызметтері ұсынылады.
📍 Міндетті тіркеу сілтемесі:
👉 https://forms.gle/7s4by363gxYQB5Rt8
📞 Байланыс тұлғалары:
Арлан +7 777 689 66 66
Уәлибек +7 771 066 04 04
Бизнес-қоғамдастық өкілдерін, экспортқа бағдарланған компанияларды, салалық қауымдастықтарды және халықаралық нарықтарға шығуға мүдделі барлық тұлғаларды семинарға қатысуға шақырамыз. Қытайдың ең ірі сауда платформасының мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз!
PDF файлын жүктеп алу

2025 жылғы 16 қазанда Қарағанды қаласында Қазақстанда алғаш рет Лизинг күні (Leasing Day...

Қазан айында Қазақстанда поляк өндірістік компанияларымен іскерлік кездесулер өтеді. Іс-шаралардың...