Басты бет Іс-шаралар Қытай мен Қазақстан арасындағы күнделікті өмірге арналған...

Қытай мен Қазақстан арасындағы күнделікті өмірге арналған зияткерлік технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кездесу

event

2026 жылғы 2 шілдеде Алматы қаласында Қытай мен Қазақстан арасындағы күнделікті өмірге арналған зияткерлік технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кездесу өтеді.


Іс-шараны Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігінің Сыртқы сауданы дамыту бюросы ұйымдастырады.


Кездесу Қытай–Қазақстан тауарларының 21-ші көрмесі аясында өткізіліп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, Қытайдың жоғары сапалы зияткерлік өнімдері мен интеллектуалды өндіріс кластерлерін таныстыруға, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және жаңа нарықтарды игеруге бағытталған.


Іскерлік кездесу барысында қатысушылар күнделікті өмірге арналған заманауи зияткерлік технологиялармен танысып, компаниялардың таныстырылымдарына қатысады, Қазақстан нарығындағы жұмыс тәжірибесімен алмасады және B2B форматындағы екіжақты келіссөздер өткізеді.


Іс-шараға Қытай Халық Республикасының мемлекеттік органдарының, дипломатиялық өкілдіктерінің, сауда-өнеркәсіп ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның 100-ден астам компаниясының басшылары мен өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.


Өтетін күні: 2026 жылғы 2 шілде
Уақыты: 14:00–17:00
Өтетін орны: «Атакент» халықаралық көрме орталығы, «Пушкин» залы, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42.


Іс-шара бағдарламасында:

- құрметті қонақтардың құттықтау сөздері;

- компаниялар мен зияткерлік өнімдердің таныстырылымдары;

- Қазақстан нарығын игеру тәжірибесімен алмасу;

- қазақстандық және қытайлық кәсіпорындар арасында B2B кездесулерінің бірнеше кезеңі.


Қазақстандық бизнес өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға және Қытайдың озық зияткерлік технологияларымен танысуға шақырамыз.


123.jpg 39.48 KB
Іс-шараның күні 02 шілде 2026
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
Декабрь 2024
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс

PDF файлын жүктеп алу

icon
Іс-шараның күні 28 февраля 2025
logo
close
Ваша заявка была успешно отправлена

Мы уже обрабатываем вашу заявку.