Қазақстан-Түрікменстан Іскерлік Кеңесі
Іскерлік кеңес - бұл іскер топтар өкілдерінің өзара әрекеттесуіне арналған алаң болып табылатын консультативтік-кеңесші орган. Кеңестің негізгі міндеті экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға және өзара тиімді бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан-Түрікменстан Іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін құрылған. Оның миссиясы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, өзара сауданы оңайлату және тауарлардың экспорты мен импорты үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Кеңес энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ете отырып, екі елдің бизнес қауымдастықтары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы диалог алаңы ретінде қызмет етеді. Сауда кедергілерін жоюға және өзара инвестицияларды ілгерілетуге ерекше назар аударылады.
Қол қойылған күні
10 қыркүйек 2024Қазақстандық тараптан қол қойылды
Қазақстанның сыртқы сауда палатасыШетелдік тараптан қол қойылды
Түркіменстан СП