+7 7172 27-96-16 (Приёмная)
Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді
28 июня - 28 июня
  • 28 июня - 15:30
В календарь

Астанада ШЫҰ Іскерлік кеңесі Алқасының отырысы өтеді

28 июня - 28 июня
  • 28 июня - 15:30
В календарь

2024 жылы 28 маусымда Астана қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Райымбек Баталовтың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесі Алқасының 25-ші отырысы өтеді. Шара барысында ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын талқылау жоспарлануда.

 

Күн тәртібінде: 

• Сауда-экономикалық байланыстарды және инвестициялықынтымақтастықты нығайту

• Бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамыту

 

Отырыста мемлекеттік органдардың, іскер топтардың, халықаралықұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика және халықаралық қатынастарсаласындағы жетекші сарапшылар сөз сөйлейді.

Түстен кейін Іскерлік кеңес аясында «Сауда-экономикалықынтымақтастық (өнеркәсіп, көлік-логистика, инвестиция, мәдениет жәнетуризм)» тақырыбында ШЫҰ бизнес-форумы өтеді. Онда ірікомпаниялардың B2B кездесулері болады. Аталмыш іс-шара тікелейіскерлік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға жәнекелісімдерге қол қоюға бірегей мүмкіндік береді.

 

Өтетін күні: 28 маусым 2024 жыл, 9:30 

Өтетін орны: Астана қ., Қонаев  көшесі 7, Rixos қонақ үйі, «Шаңырақ» залы 

Ұйымдастырушылар: ШЫҰ Іскерлік кеңесі 

Бірлескен ұйымдастырушылар: «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы

Іскерлік серіктестер: Altyn Bank

 

БАҚ өкілдерін тіркеу үшін мына нөмірге хабарласуды сұраймыз: 8(708)904-4909 – Алина Алиева (ҚР Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі)